Қоғам

Елорда әкімдігінде азаматтарды қабылдайтын бөлме ашылды

19 шiлде, 21:50169
Автор: Elorda Aqparat
Фото Бақтияр Мәкеннің парақшасынан алынды Фото Бақтияр Мәкеннің парақшасынан алынды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бірінші қабатынан азаматтарды қабылдау бөлмесі ашылды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Бұл туралы әкім орынбасары Бақтияр Мәкен instagram парақшасында жазды.

«Әкімге және орынбасарларына жазылған азаматтардың саны өте көп. Енді әріптестерімізбен кестеге сәйкес жазылған азаматтарды кезегімен қабылдаймыз. Бүгін 19.07.19 менің қабылдауымда 30-ға жуық азаматтар болды», - деп жазды Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен. 

Азаматтардың көпшілігін әлеуметтік мәселелер толғандыратынын атап өткен ол адамдар құқықтық, психологиялық, тағы да басқа кеңестерге де зәру екендігін жеткізді.

«Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға тиіс кейбір анықтамаларды әкімдіктен тез шешіп беруді сұрағандар да болды. Тиісті басқармаларға тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста болуды, халыққа мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырдым», - деді ол.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх