• USD 385
  • EUR 434

Мәдениет

Елодада Дүкенбай Досжанды еске алуға арналған кеш өтті

09 қыркүйек, 17:44148
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Бүгін жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дүкенбай Досжанның туған күні. Осыған орай ұлттық академиялық кітапханада қаламгерді еске алу кеші өтті. Оған суреткермен өмірде жақын сыйласқан достары, әріптестері, оқырмандары жиналды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

 Кеш барысында қаламгердің жақын досы, курстасы Сұлтан Оразалин  сөз зергерінің адами болмысы мен  шығармашылығы туралы ой өрбітті.             

 «Дүкенбай –қазақ әдебиетінде өзінің орнын ойып тұрып алған саңлақтардың бірі. Оның өмірі де күрделі жағдайда өтті. Түрлі қиыншылықты да, қызықты да басынан кешті. Дүкеш өмірден өткелі де біраз жыл өтті. Бірақ оның кітаптарына  деген қызығушылық толастаған емес. Мен оған арналған барлық жиындарына қатысып жүрмін. Оның өткен ғасырдың алпысыншы жылдары жазған әңгімелері мен повестері әдебиет те құбылыс ретінде қабылданды.  Тарихи тақырыпқа да бірінші болып қалам тербеді. Жазушының жарыққа шыққан әр туындысына түрлі көзқарастар болды. Ол заңды да. Өзім, оның алғаш жазған әңгімелерін өте жоғары бағалаймын», – деді Сұлтан Оразалин.

Сонымен бірге  Марат Мәжитов, Орынбай Жанайдаров, Қуаныш Жиенбай, Жолтай Әлмашұлы секілді азаматтар да көрнекті қаламгер жайындағы өз естеліктерімен бөлісті.

Қаламгер  көзі тірісінде 11 роман, 23 хикаят, 100 әңгіме жазып, оқырманы көп жазушы атанды.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх