• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Еліміздің үш ірі қаласында жаңа ХҚО ашылады

13 тамыз, 15:3339
Автор: Elorda Aqparat
Фото Әсемгүл Балташеваның Facebook парақшасынан Фото Әсемгүл Балташеваның Facebook парақшасынан

Еліміздің республикалық маңызы бар үш қаласындағы жаңа авто халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Мегаполистердегі халықтың өсуі жедел шаралардың қабылдануын талап етеді. Жарты жылдың өзінде Алматы мен Нұр-Сұлтан шаһарларында ғана 3,5 млн қызмет көрсетілген. Тамыз айының соңына дейін біз астанамыз бен Алматыда қосымша бір-бір халыққа қызмет көрсету орталықтарын ашамыз. Оған қоса, Алматы қаласындағы Алатау ауданындағы ХҚО бір айлық үзілістен кейін қайтадан өз қызметін жандандырды», - деп жазды ҚР «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы Әсемгүл Балташева Facebook парақшасында.

Оның дерегінше, жарты жыл ішінде Қазақстанда көлік секторы бойынша ХҚО арқылы 1,5 млн-ға жуық қызмет көрсетілген. 

«ІІМ реформасы бойынша елімізде полицияның тіркеу-емтихан алу бөлімшелері жабылып, автоХҚО жүктемесі артты, қызмет алушылардың көптігі әсіресе Алматы қаласында байқалды. Білетіндеріңіздей, Алматы қаласында ең үлкен автобазар орналасқан, себебі жақын жатқан облыс тұрғындары сонда барып көліктерін сатып, жаңасын алып, тіркеу рәсімдерін де сонда жасатады. Жарты жыл ішінде Қазақстанда көлік секторы бойынша көрсетілген қызмет саны 1,5 млн жуық болса, оның 24 пайызы Алматыға тиесілі. Осы факторларды және халық өтініштерін ескере келе, біз өзіміздің ішкі резервтеріміздің есебінен Алматыда алтыншы мамандандырылған ХҚО-ны ашуды шештік», - делінген төраға таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ, хабарламада Алматы автоХҚО-ларының жүктемесін азайту мақсатында қыркүйектің соңына дейін шаһарға жақын жатқан Алматы облысына тиесілі Талғар мен Қарасай аудандарында мамандандырылған ХҚО-лар іске қосылатыны айтылған.

«Тағы бір мамандандырылған ХҚО Шымкентте ашылады. Осылайша, бұл шаһарда қыркүйек айынан бастап 3 автоХҚО қызмет көрсетеді. Атырау мен Түркістан тұрғындарына айтар тағы бір жағымды жаңалығым бар. Қазір біз қызмет алушылар үшін ыңғайлы болатын, аумағы кең ғимараттарда жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Онда қалалық фронт-офистер орналасатын болады. Қараша айында облыс орталығының тұрғындары мемлекеттік қызметтерді жаңа ХҚО-дан алатын болады», - деді ол.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх