• USD 385
  • EUR 434

Экономика

Еліміздің 5 өңірінде көтерме-тарату орталықтары салынып жатыр

20 тамыз, 11:4052
фото stroy-trading.ru сайтынан алынды фото stroy-trading.ru сайтынан алынды

Делдалдарды қысқарту мен тамақ өнімдерін сақтау, буып-түю, өткізу және тасымалдау бойынша өндірушілерге қызметтер көрсету мақсатында, көтерме-тарату және тарату орталықтарын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкiмет отырысында Сауда жəне интеграция министрi Бақыт Сұлтанов мəлiм еттi, деп хабарлайды Елорда Инфо тiлшiсi.

«Бұл Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары сияқты 5 өңірде көтерме-тарату орталықтарын салу бойынша жұмыстар жүргізілiп жатыр. Бірақ Маңғыстау облысында қаражаттың болмауына байланысты Ақтау қаласындағы көтерме-тарату орталығының құрылысын іске асыру 2020 жылға ауыстыру ұсынылады», - деді министр.

Алдағы уақытта Алматы, Ақтөбе, Семей қалаларында тарату орталықтарын салу жоспарланып отыр.

Министрдiң айтуынша Ақтөбе қаласында құрылысқа жер учаскесі анықталды, Алматы қаласында жер учаскесін растау күтілуде, Семей қаласында жоба талқыланып жатыр.

Өндірістің тиімділігін арттыру және түпкілікті тұтынушыға тауар жеткізу құнын төмендету үшін тарату орталықтары қажет.

«2018 жыл бойынша 579,6 миллиард АҚШ долларын құраған Ресей, Орта Азия және Қазақстанның ішкі тауар айналымының көлемін ескере отырып, сату жүйесін құруға мүмкiндiк бар. Бұл жүйе тауарлардың өзара жеткізілімін, қазақстандық тауарлардың экспортын, Орта Азиядан Ресейге тауарлардың транзитін ұйымдастырады және көршілерімізбен бірге өндірушілердің бірыңғай пулын құруды қамтамасыз етеді» - дедi Бақыт Сұлтанов.

 

Министр ɵз сɵзiнде көтерме-тарату және тарату орталықтарының құрылуы барлық бөлшек сауда форматтарында, оның ішінде бөлшек сауда желілері, базарлар мен дүкендерге азық-түлік өнімдерін тұрақты жеткізуді қамтамасыз ететiнiн қозғады.

Көтерме-тарату және тарату орталықтарын салумен қатар бөлшек сауда инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары қарқын алды. Өңірлерде 30-дан астам ірі сауда объектілері салынып жатыр, бұған қоса 50-ден астам сауда базарлары қайта қалпына келтіріледі.

Бұл өркениетті сауда үшін қосымша жағдайлар жасайды, халықтың жеткілікті инфрақұрылымымен және тауарлардың кең түрімен қамтамасыз етілуіне жол ашады және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны төмендету үшін нарықтағы бәсекелестікті арттырады.

«Осыған байланысты, өңірлер белгіленген мерзімде көтерме-тарату мен тарату орталықтарының құрылысын қамтамасыз етіп, сауда объектілерінің құрылысын және базарлардың жаңғыртылуын аяқтауы қажет», - дедi Сауда жəне интеграция министрi Бақыт Сұлтанов.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх