• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Еліміздегі 18 мыңнан астам кәсіпорын E-HR жүйесіне қосылған

09 тамыз, 12:1758
Автор: Elorda Aqparat
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Бүгінде E-HR қызметіне 18 389 кәсіпорын қосылып, 792 731 келісімшарт тіркелген, деп хабарлайды Елорда Инфо Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Былтыр елімізде электрондық еңбек келісімшарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылды. Жүйеде тіркелген сұранысқа ие мамандықтар тізіміне балабақша тәрбиешісі, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері, медбике (мейіргер), санитар, қарауыл кіреді.

Бүгінгі күні E-HR қызметіне 18 389 кәсіпорын қосылып, 792 731 келісімшарт тіркелген. Тіркелген еңбек келісімшарттарының ішінде бастауыш сынып мұғалімі кәсібі алдыңғы қатарда - 41 мыңнан астам келісімшарт. Ұйымдарды E-HR қызметіне тарту жұмыстары әлі де жалғасуда.

«Біз үшін жүйеде жұмыс берушілердің еңбек шарттарын мейлінше көп тіркеуі маңызды. Өйткені, бұл өздері үшін де, құжаттар жинауда көп уақытты үнемдейтін қызметкерлер үшін де ыңғайлы. Сонымен қатар, жүйеде еңбек шартының болуы оларды ықтимал әлеуметтік қатерлерден қорғайды. Жүйе электрондық құжат айналымына көшуге ықпал ететіндіктен жұмыс берушілер шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік алады», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев.

Жұмысқа қабылдау тарихы еңбек келісімшарттары туралы тіркелген мәліметтер негізінде автоматты түрде жасалады, қызметкердің жалақысы жүйеде тіркелмейді. Өтініш берушінің жеке мәліметтеріне жұмыс беруші тарап оның келісімін алғаннан кейін қол жеткізе алады.

Бұдан басқа, қызметкерлерді іріктеу 2020 жылдың басынан бастап қолжетімді болатын қызметкердің жеке ісін қалыптастыру сервисінің арқасында анағұрлым сапалы болады. Қызметкердің еңбек өтілі мен оның еңбек кітапшасының электрондық форматтағы көрсетілуі зейнетақыны белсенді түрде тағайындауға мүмкіндік береді. Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-мен әзірленіп, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында енгізілген.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх