• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Елордада рұқсатсыз жүрген 150 шетел азаматы анықталды

18 шiлде, 15:2770
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Іс-шара заңсыз көші-қон каналының алдын алу немесе жолын кесу мақсатында өткізіледі. Көші-қон қызметі, криминалдық полиция, жергілікті полиция қызметкерлерінен тұратын 20 мобильді топ адам саудасы, заңсыз көні-қон каналын анықтау және қылмыскерлерді іздестіру бойынша елорда аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Жедел іздестіру іс-шарасы басталғалы ҚР аумағында болу ережесін бұзған 356 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде еш жерде тіркелмеген 170 адам және жасап отырған қызметі келу мақсатымен сәйкес келмеген немесе елімізде рұқсатсыз жүрген 150 шетел азаматы анықталды.

«Жеке тұлғасын анықтау үшін ТМД елінің 40 азаматы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің қабылдап -тарату орталығына орналастырылды»,- деп көрсетілген тәртіп сақшылары таратқан хабарламада.  

Сонымен қатар 400 шетел азаматы Ішкі істер органының есебіне қойылды.

Осы екі тәулік ішінде көші қон заңдылығын бұзған 60 азаматтың елімізде уақытша болу мерзімі қысқартылды.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх