• USD 385
  • EUR 434

Экономика

Инвесторларға қызмет көрсету үшін арнайы мамандандырылған фронт-офистер құрылады

14 тамыз, 17:3561
Автор: Elorda Aqparat

Қазақстан Республикасының Үкіметі инвесторлар үшін «бір терезе» қызметінің жұмысын ұйымдастыру жаңа ережелерін, сондай-ақ инвестиция тарту және инвесторлармен ОМО және ЖАО тарапынан әріптестікті орынату тәртіптерін бекітті, деп хабарлайды Елорда Инфо «Kazakh Invest» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа ережелерге сәйкес, инвесторларға қызмет көрсету үшін үш деңгейлі жүйе құрылды.

Құжатқа сәйкес инвесторлар үшін бас оператор ретінде KAZAKH INVEST ұлттық компаниясы бекітілді. Қомпанияға бұл салада бірқатар міндеттер жүктелді, оның ішінде, еліміздің инвестициялық әлеуеті туралы таныстырылым жасау және консультацияларды өткізу, мемлекеттік қызметтерді және басқа мемлекеттік ұйымдармен берілетін қызмет түрлерін алу кезінде инвесторлармен «бір терезе» қағидаты бойынша әрекеттесу және т.б.

«Кейбір мемлекеттік қызметтерді алу тәртіптерін өзіміздің азаматтар білмейді, инвесторлар туралы не айта аламыз? Бүгінгі таңда «бір терезе» инвестиция тарту кезекті түрі болып ғана қоймай, басқа, жаңа механизм болып қалыптасуы керек. Ол мәліметке қолжетімділігін, еліміздегі рәсімдердің ашықтығын, инвестициялық жобаның іске асырудың әр кезеңінде қолдауды, туындаған сұрақтардың шешілуіне өз септігін тигізеді», - деді «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Біржан Қанешев.

Айта кету керек, қызмет көрсету бойынша сыртқы деңгей ретінде Қазақстанның шетелдегі ұйымдары және елімдің инвестициялық саясатты іске асыруға жауапты шетелдік өкілеттіктер бекітілді. Аймақтық деңгейде инвесторларға қызмет көрсету үшін арнайы мамандандырылған фронт-офистер құру жоспарланып отыр. Аталған мекемеде жергілікті атқарушы органдардың, ХҚКО-ның, «Атамакен» РКП-ның, «Даму» КДҚ-ның, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының қызметкерлері және көші-қон, кеден, салық органдарының өкілдері, сондай-ақ монополистер, нотариустар және аудармашылар жұмыс істейді.

Мамандардың айтуынша, бұл өзгерістерді қабылдау «бір терезе» қызметін ұйымдастыруды үйлестіріп және инвесторлар үшін мемлекеттік және тағы басқа қызмет түрлерін алуды жеңілдетеді. Өз кезегінде бұл еліміздің тартымдылығын және инвестициялық әлеуетінің деңгейін аттыруға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, 2018 ж. – 2019 жылдың I жартыжылдығы ішінде инвесторлар тарапынан KAZAKH INVEST ұлттық компаниясына 3 мыңнан астам ауызша және жазбаша өтініштер түсті. Инвестициялық омбудсмен қызметі аясында 91 өтініш түсіп, оның жартысы өз шешімін тапты.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх