• USD 385
  • EUR 434

Жолдау-2019

Жолдауда жаңа міндеттер белгіленді - саяси ғылымдар докторы

03 қыркүйек, 15:57150

Кеше Қазақстан Республикасы Парламетінің бірлескен мәжілісінде жасаған Мемлекет басшысы Қасым-­Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы, біріншіден, Елбасы, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев саясатының сабақтастығын сақтау арқылы қоғамда біртіндеп реформалар жүргізуге бағытталған» деп Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты, саяси ғылымдар докторы Зулфухар  Ғаипов өз пікірін білдірді деп хабарлайды Елорда Инфо «Аstana-akshamy» газетіне  сілтеме жасап.

 

Ел Президенті өзінің халыққа берген уәделерін міндетті түрде орындайтынын айтты әрі мынандай негізгі бағыттарға тоқталды деп  ойын  түйіндей түседі.  Сондай-ақ, Қасым-­Жомарт Кемелұлы бірінші – қазіргі заманғы тиімді мемлекет, екінші – азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, үшінші – қарқынды дамыған және инклюзивті экономика, төртінші – әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі, бесінші – «күшті аймақ – күшті мемлекет» деген бес басымдықты нақты атады. Жолдауда басынан аяғына дейін мемлекеттің жақын арадағы негізгі бағыттарын айқындаған. Соның ішінде саяси трансформацияның жалғасатындығы туралы және де трансформация бірінші кезекте халық пен мемлекеттің мүддесіне бағытталатынына тоқталды.

 

 

Сонымен бірге қарқынды экономикалық даму қоғамдық-саяси модернизациямен қатар жүретініне ерекше назар аудара келе, Мемлекет басшысы тағы да «күшті президенттік басқару, ықпалды парламент және есеп беруші үкімет» формуласы жүзеге асқанда ғана жедел жетістікке қол жеткізуге болатындығына назар салды.

 

 

Мемлекет басшысы қоғамдағы либерализм мәселесіне тоқталды. Либералдық құндылықтарды дұрыс пайдаланбаған жағдайда ол қоғамға кері әсер етіп, тіпті болашақта егемендіктен де айырылып қалуға алып келетіндігін ескертті.

 

 

Сондай-ақ Президент мемлекеттік тілдің мәртебесіне де ерекше тоқталды. Болашақта қазақ тілі Қазақстанды мекендейтін ұлттардың бір-бірімен қарым-қатынасқа құрылатын ұлтаралық тілге айналатындығына сеніммен қарайтындығын жеткізді. Біздің басты байлығымыз ұлтаралық келісім мен татулық екенін тағы да еске салып өтті.

 

 

Үкімет пен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасына бір айдың ішінде көпбалалы аналармен жұмыс істеп, оларға берілетін микрокредиттердің тиімді жолдарын қарастыру тапсырылды.

 

 

Мемлекет басшысы Жолдауда шенеуніктерге бұқарамен тығыз қарым-қатынас орнатып, олардың мәселесіне уақытылы көңіл бөлу керектігін ескертті. «Саңырау шенеунік» принципінен айырылатын уақыттың келгендігіне ерекше мән берді.

 

 

2024 жылға қарай мемлекеттік және ұлттық компаниялар қызметкерлерінің санын 25 пайызға қысқарту арқылы бірін-бірі қайталайтын лауазымдарды болдыр­мауды тапсырды.

 

 

Жолдауда білім, денсаулық саласына да ерекше көңіл бөлді. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білімді теңестіруге, жоғарғы білімнің сапасын арттыруға, «Диплом­мен – ауылға» бағдарламасының әрі қарай жалғаса беретіндігін және де алдағы 4 жылда ұстаздар жалақысын 2 есеге арттыру туралы тапсырмалары білім қыз­меткерлерінің көңілінен шықты.

 

 

Сондай-ақ отбасы мен балаларды қорғау институтына да ерекше тоқталды. Педофилдерге қарсы күресті жандандырып, оларға арналған жазаны қатайтуды да ұсынды. Үкіметке 3 жыл ішінде тұрғын үй кезегінде тұрған 30 мың көпбалалы ананың мәселесін шешуді тапсырды.

 

 

Қорыта келгенде, Қ.Тоқаев еліміздегі реформалаудың жаңа кезеңіне қадам басқанына тоқтала келіп, реформалардың тек реформалар үшін жүргізуге жол бермейтіндігін мәлімдеді.

 

 

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекет дамуының негізгі тірегі қоғамдық диалог, татулық және тұрақтылық екеніне ерекше назар аударып, біздің басты ұстанымымыз береке мен бірлік, ақыл мен парасат екенін атап өтті деп,  түйіндейді ойын пікір білдіруші.

 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх