• USD 385
  • EUR 434

Экономика

Елімізде 7 айда ішкі өнімнің өсуі 4,2% құрады – Руслан Дəленов

27 тамыз, 14:4527
Фото: egemen.kz Фото: egemen.kz

Ұлттық экономика министрi Руслан Дəленов Үкiмет отырысында 2020-2024 жылдарға арналған əлеуметтiк-экономикалық даму болжамы туралы баяндама жасады, деп хабарлайды Елорда Инфо тiлшiсi.

Ɵз баяндамасында министр болжамды қалыптастырудың негізгі факторларын тiзбектеп айтып ɵттi.

«Жалпы ішкі өнім бойынша 2019 жылғы есептік статистикалық деректер бойынша осы жылдың 7 айдағы экономика дамуының қорытындылары анықталды. Жалпы ішкі өнімнің өсуі 4,2% құрады. Инфляция жоспарлы деңгейде (5,4%), инвестициялар 11% деңгейінде өсiп жатыр», - дедi министр.

Ол сɵз арасында əлемдік қаржы ұйымдарының мәліметтеріне сәйкес 2019 жылы мұнай бағасы 65 долларды құрайтынын, ал 2020 жылы бір баррель үшін 63 долларға дейін төмендейтiнiн қозғап ɵттi.

«Жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 2020 жылы 4,1% деңгейінде болжанып отыр. 2024 жылы ол 4,7% жетеді. Орташа жылдық өсу қарқыны 5 жылда 4,4% құрайды. Инвестициялар экономикалық өсуді қолдаудың маңызды факторы болады. Салалық бөліністе негізгі өсім шикізаттық емес секторына тиесілі болады. Бұл өңдеу өнеркәсібі, қызмет көрсету саласы және құрылыс. Бұл салалардың орташа өсімі 4,7% деңгейінде болады. Жалпы ішкі өнімнің өсуіндегі салымы 3,5 проценттік тармақты құрайды», - дейдi Руслан Дəленов.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх