Қоғам

Нұр-Сұлтанда еліміз бен елорданың көрікті жерлеріне виртуалды саяхат құру іске қосылады

10 қазан, 13:1733
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Елорда әкімі А.Көлгінов, «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС директоры С.Айтекенов және «Kraftwerk» өкілі К.Мёрфи еліміздің және елорданың көрікті жерлері бойынша виртуалды саяхат құру туралы жобаны іске асыруды талқылады, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдікке сілтеме жасап.

Екіжақты кездесу Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан Қала туризмін дамыту мәселелері бойынша UNWTO 8-ші жаһандық саммит аясында болды.

Бұл жоба бойынша қала тұрғындары мен қонақтары виртуалды ұшу арқылы елорданың және де еліміздің әдемі табиғаты мен көрікті жерлерін биіктен қарап, тамашалай алады. Аталған саяхатты жасау барысында арнайы жел, судың сылдыры, иіс, құстың ұшқаны және де осы тектес әсер қалдыратын аэрофото-түсірілімдер, әртүрлі климаттық және дыбыстық арнайы әсер беретін көріністер қолданылатын болады.

«Kraftwerk» - инновациялық аудиовизуалды жүйе бойынша әлемдегі көшбасшы компания. Тараптар арасындағы келісім жобаны іске асыру жұмыстарын бастауға мүмкіндік береді, яғни жоспарланған мерзім - алдағы жыл болып отыр.

Осы секілді аттракциондар әлемде кеңінен қолданылады және де Москвада («Зарадье» саябағы), Чанша, Қытай («Beautiful Hunan»), Рутс, Германия, (Europa-Park «Voletarium: Flying Theater Attraction»», Дубай, Bollywood Parks («Krrish Hero's Flight») және т.б. қалалар да бар.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх