Мәдениет

Елбасыға сыйланған сәндік табақтар көрмеге қойылады

07 қараша, 17:2372
Автор: Elorda Aqparat
Фото: total.kz Фото: total.kz

Елбасы кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған көрмелер топтамасы басталады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«2019 жылғы 8 қараша күні сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде (Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көшесі, 11) «Пішін мен бейне үндестігі» атты тақырыптық қор көрмесінің ашылуы өтеді», - делінген хабарламада.

Экспозицияға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевқа түрлі уақыттарда шетелдік делегациялардан сыйға берілген сәндік табақтар топтамасы қойылады.

Көрмеге қойылған сәндік табақтардың шығу тегі алуан түрлі. Бұл - еліміздің көпвекторлы сыртқы саясатын, Қазақстан Республикасындағы көп ұлтты этностардың жақындасуына жағдай жасайтын мәдениеттердің үнқатысуын, мемлекетаралық байланыстардың одан әрі дамуы мен нығаюын көрсетеді.

Пішіні, әшекейленуі және дайындау техникасы жағынан ерекшеленетін фарфор, шыны, қыш, металл, тас және ағаштан жасалған бұл бұйымдар Ресей мен батыс еуропалық мануфактуралардың, түрік фарфор фабрикаларының және басқа да әлемдік өнердің үздік туындылары болып табылады.

Сәндік табақтар тақырыптық топтамасын ғылыми-зерттеу нәтижесінде уақытша көрмелердің өзінде сирек көрсетілетін музейлік маңызы бар бұйымдардың ауқымды экспозициялық тобын қалыптастыруға мүмкіндік туды. Музей жинағындағы 87 сақтау бірлік сәндік табақтар туралы ақпаратты жүйелеу жұмыстары Елбасы кітапханасының ғана емес, жалпы Қазақстан музейлерінің тәжірибесіндегі алғаш рет сыналатын көпшілік бағдарламасынан тұратын ауқымды көрме жобасының негізіне айналды.

Көрмеге келушілер түрлі ұлттардың сәндік-қолданбалы өнер үлгілерін, сан алуан орындалу техникасын, пішінін, түрлі ұлтқа тән зерлеу мәнерін тамашалай алады.




Наверх