Билiк және саясат

Елбасы елорданың даму жоспарымен танысты

23 сәуiр, 18:20300
Автор: Elorda Aqparat
Фото Ақордадан алынды Фото Ақордадан алынды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті елорданы одан әрі дамыту жоспарымен танысты, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімі Б.Сұлтанов Нұрсұлтан Назарбаевқа елорданы одан әрі дамыту және қала құрылысын жүргізу жоспары жөнінде мәлімет берді.

Елбасы тұрғындар үшін қолайлы жағдайлар жасаудың және әлеуметтік инфрақұрылымның қол жетімділігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті елорданың бой көтеруін әлемдік тәжірибені және қала құрылысындағы заманауи трендтерді ескере отырып, жалғастыру қажеттігін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев елорданы газбен қамту және қала көшелерін көгалдандыра түсу үдерісіне ерекше тоқталды.

Фото Ақордадан алындыФото Ақордадан алынды

Сондай-ақ, қала көшелеріндегі көлік жүктемелерін төмендету, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі, экологиялық проблемаларды шешу және Ботаникалық саябақты дамыту мәселелеріне баса мән берілді.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх