• USD 385
  • EUR 434

Сайлау-2019

ЕҚЫҰ байқаушыларының миссиясы: Қазақстандағы президенттік сайлау сәтті өтті

11 маусым, 10:03164
Автор: Elorda Aqparat
фото ҚР СІМ баспасөз қызметінен фото ҚР СІМ баспасөз қызметінен

Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры Ингибьёрг Гисладоттир, ЕҚЫҰ ПА байқаушылар миссиясының басшысы – ЕҚЫҰ ПА Демократия, адам құқықтары және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комитетінің төрайымы Маргарет Кинер-Неллен және ЕҚЫҰ/ДИАҚБ бақылаушылар миссиясының басшысы Уршула Гацекпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Келіссөздердің басты тақырыбы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын байқау жөніндегі ЕҚЫҰ миссиясының жұмысы болды. Кездесу достық және сындарлы атмосферада өтті.

Министр тарихи өлшем бойынша аз уақыт ішінде біздің еліміз көптеген жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті. Экономика нығайып, халықтың табысы өсті, біздің қоғам тұрақтылық пен төзімділік үлгісі ретінде қарастырылады, республика саяси дамудың жаңа кезеңіне шықты. Азаматтардың еркін білдіру үдерісі заңнамаға және қабылданған халықаралық міндеттемелерге толық сәйкес адал, ашық және әділ өтті.

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ басшысы кезектен тыс президенттік сайлаудың табысты өтуімен құттықтап, миссия жұмысы үшін барынша қолайлы жағдай жасалғаны үшін алғыс білдірді. ДИАҚБ басшысының пікірінше, Қазақстандағы сайлау алдындағы науқан іс жүзінде еш бұзушылықсыз жүргізілді. Сонымен қатар, ол қазақстандық билік өкілдерінің баяндаманы сындарлы қабылдауын және жүйені одан әрі жетілдіру туралы жоспарларын атап өтті.

«Кейбір үкіметтер осындай есептерді еш қабылдамайды. Исландияда «Дос әрқашан саған шындықты айтады, ал жау бәрі жақсы деп айтады» деген мақал бар», - деді ДИАҚБ директоры.

Өз кезегінде СІМ басшысы қазақ тілінде «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады» деген мақал бар екенін айтты. Ол ҚР Үкіметі сайлау қорытындысы бойынша мәлімдемеде көрсетілген ескертулер мен ұсыныстарды назарға алатынын жеткізді.

«Біз жаңадан сайланған Президентті сайлаудағы жеңісімен құттықтаймыз. Ең бастысы - бізде сіздің Үкіметпен диалог бар», - деді ЕҚЫҰ ПА бақылаушылар миссиясының басшысы М. Кинер-Неллен.

 Оның айтуынша, бақылаушылардың жергілікті билікпен өзара іс-қимылы өте сындарлы болды, сондықтан ол әрі қарай жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Сайлауды бақылауға тоғыз жүзден астам халықаралық бақылаушы қатысты. Атап айтқанда, 9 халықаралық ұйымнан 866 бақылаушы келді. Әлемнің 40-тан астам елінен 227 шетелдік тілші мен журналист аккредиттелді, бұл сайлауды өткізу тарихында республика үшін рекордтық көрсеткіш болды.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх