• USD 385
  • EUR 434

Экономика

Экономикалық қылмыстар туралы Қаржы министрлігінің сенім телефонына хабарлауға болады

10 шiлде, 11:46101
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінде тәулік бойы сенім телефоны қызмет жасайды, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық Экономикалық тергеу департаментіне сілтеме жасап.

«Сенім телефоны арқылы экономика саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды, оның ішінде: жалған кәсіпкерлік, бюджеттік қаржыны ұрлау, экономикалық контрабанда, мұнай және мұнай өнімдерінің, алкогольдік өнімдердің заңсыз айналымы, ойын бизнесі, салық саласындағы қылмыстар, әдейi банкроттық, төлем қабiлетсiздiгiне дейiн жеткiзу, жалған банкроттық, кредиттi заңсыз алу немесе бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдалану, банктiң ақшасын заңсыз пайдалану (ұсыну), жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу, ұлттық және шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау, терроризм мен экстремизмді қаржыландыру, параға коммерциялық сатып алу және басқа да деректері туралы фактілерді хабарлай аласыздар»,- делінген Экономикалық тергеу департаментінің хабарламасында.

Сонымен қатар, басқа сұрақтарға байланысты 8(7172)31-61-45 байланыс телефоны арқылы немесе Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан данғылы 43 үй мекен-жайы бойынша, сондай-ақ 8 (7172) 70-98-20, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел 8 «Министрліктер үйі» 1 кіреберіс мекен-жайына хабарласуыңызға болады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх