Өңірлер жаңалығы

Екібастұздың ауруханасында нұр-сұлтандық алты айлық бала құтқарылды

04 қараша, 19:5345
Автор: Elorda Aqparat
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Екібастұздың ауруханасында Нұр-Сұлтаннан қыдырып барған отбасының алты айлық баласы құтқарылды, деп хабарлайды Елорда Инфо pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Сәби пластмасса қалпақшасын жұтып қойып, қалалық аурухананың жансақтау бөліміне түскен. 

"Нұр-Сұлтаннан қонаққа келген бүлдіршін 3 қараша күні сағат 21.00-де бала қабылдау бөлмесіне жеткізілді. Тексерілгеннен кейін жансақтау залына ауыстырылды. Кішкентай қызға екі минут ішінде көмек көрсетілді. Дәрігер-реаниматолог Шыңғыс Бихиянов геймлих әдісін қолдана отырып, тыныс алу жолына түскен көлемі 0,7-0,4 см пластикалық қалпақшаны алып шықты. Бала үйіне шығарылды, қазір өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", – деді бас дәрігердің орынбасары Светлана Подзорова.

Оның айтуынша, ауруханаға мұндай диагнозы бар балалар жиі түседі. Бұл жолы қалпақшаның тыныс алу жолдарына тереңірек кетпегені маңызды рөл атқарған.

"Олай болмағанда облыстық балалар ауруханасынан эндоскопист шақыртып, наркозбен бронхоскопия жүргізуге тура келетін еді", – дейді дәрігер.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх