• USD 385
  • EUR 434

Қылмыс және оқиғалар

Екібастұз - Павлодар тас жолында үш КамАЗ соқтығысты

11 қыркүйек, 14:37121
Автор: Elorda Aqparat
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Жол-көлік оқиғасы Екібастұздан он шақырым жерде орын алды, деп хабарлайды Елорда Инфо pavlodarnews сайтына сілтеме жасап.

«Жол-көлік оқиғасы бүгін түнгі сағат үш шамасында Екібастұз - Павлодар тас жолында орын алды. Бір КамАЗ істен шығуына байланысты жолдың жиегіне тоқтап, екінші КамАЗ жүргізушісі оған көмек көрсетуге шешім қабылдаған. Үшінші КамАЗ жол жиегінде тұрған екі үлкен жүк көлігімен соқтығысқан. Қазір апат орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде», - делінген облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, Екібастұз қалалық ауруханасына 1982 жылы туған ер адам жабық бас сүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы, бел аймағының соққысы диагнозымен ауруханаға жатқызылған. 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх