Мәдениет

Димаштың Нью-Йорктегі концертінің барлық билеттері сатылып кетті

06 қараша, 14:2832
Автор: Elorda Aqparat
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

10 желтоқсанда танымал әнші Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі Barclays Center аренасында «Arnau tour ENVOY» бірегей шоуын ұсынады, деп хабарлайды Елорда Инфо Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған бұл концерт Қазақстанның АҚШ-тағы мәдениет күндері аясында өтеді.

Әншінің талантына қызығушылар біздің елімізде ғана емес, шетелдерде де көп. Бұл әртістің шығармашылығы белгілі бір мәдени шеңберден тыс әмбебап және әртүрлі ұлт пен ұлыстардың жүрегінен орын алғанының жарқын үлгісі. Айтулы шараға билеттер 13 қыркүйекте сатыла бастаған, 1,5 ай ішінде әртістің жанкүйерлері барлық 7000 билетті сатып алған. Көпшіліктің өтінішіне орай, Ticketmaster.com сайтында Димаштың алдағы концертіне фан-аймақ пен шеткі қатарлардан тағы 2000 билет сатылымы ашылған.  

Тартымды шоу бағдарламасы мен әртістің көрерменін елітер сахналық образдарын қазақстандық жас мамандар тобы дайындаған. Қазақстандық талантты мамандардың ортақ жұмысы – «Arnau tour ENVOY» бағдарламасындағы музыкалық сүйемелдеу, тақырыптық фотосессия, аңдатпа дизайны, бимен сүйемелдеу және т.б әдемі үйлесім тапқан. 

«Arnau tour ENVOY» - 2019 жылдың жазында Нұр-Сұлтан қаласында өткен «ARNAU» концертінің жаңарған нұсқасы. Жаңа бағдарламада үздік сәттер топтастырылып, жаңа ән, жаңа нөмірлермен толықтырылды. Америкалық көрермендер ARNAU бағдарламасының үздік пікірге ие болған және бүкіл әлемдегі жанкүйерлер қолдаған кейбір нөмірлерін жаңа нұсқада көре алады. 

Нью-Йорк сахнасында өтетін шоудың көрермендері үшін Димаш қазақ музыкасының бейнесі, елшісі, бүкіл әлемге еліміздің мәдениетін паш ететін тұлға ретінде танылады. 

Айта кетейік, Димаштың Лондонда өткен жеке концертіне әлемнің 45 елінен 4600 көрермен жиналған. 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх