• USD 385
  • EUR 434

Тұрғын үй алаптары

Мәслихат депутаттары тұрғын үй алаптарының мәселелерімен танысты

22 сәуiр, 15:03504
Сурет қалалық мәслихаттан алынды Сурет қалалық мәслихаттан алынды

Осы айдың аяғында Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының тұрақты комиссиялары қоғамдық тыңдаулар өткізеді. Онда қаладағы шеткі аймақтарды дамыту жайы қаралады. Осыған орай мәслихат депутаттары бірқатар тұрғын алаптарды аралап, олардың жағдайымен танысты, деп хабарлайды Елорда Инфо «Astana aqshamy» газетіне сілтеме жасап.

Осы күндерге дейін шеткі аймақтардың инфрақұрылымына байланысты көптеген сындар айтылды. Мәслихаттың өзінде бұл мәселе бірнеше мәрте қызу талқыланды. Алдымен Көктал-2 тұрғын алабына барған депутаттар жағдай жақсы жағына өзгеріп келе жатқанын атап өтті.

Осыдан бір жылдай бұрын халық қалау­лылары бұл тұрғын алапты аралағанда жолдардың құрылысындағы олқылықтарды байқаған еді. Осы жолы жолдардың салынуына олардың көңілдері толды. Біраз жерге асфальт төселді. Спортпен айналысуға арналған арнайы алаңдар да салынды. Кент тұрғындары соған қуанып жүр. Мұны депутаттармен тілдескенде аталған ауданда тұратын әжей баяндады. 

«Бұрын Көкталда осындай алаңдар жоқ еді. Қала орталығына қатынауға жол шалғай. Кентте жаттығу жасайтын орынның болғаны қандай тамаша! Қалаған адам алысқа бармай-ақ, өз үйіміздің маңында спортпен айналысатын болды», - деді ол.

Әрине, бүкіл мәселе шешімін тапты деп айтуға әлі ерте. Абаттандыру, көгалдандырумен байланысты мәселелер де бар. Әсіресе, депутаттар Шығыс Ильинкаға барып, біраз мәселені анықтады. Бұл тұрғын алапты жобалағанда әу бас­тан қателіктер кеткен. Кенттің өзі саз-­батпақты жерде орналасқан.

«Алдымен аумақты құрғатып барып, халыққа жер телімдерін беру керек еді. Енді мынадай жағдайға тап болып отырмыз», - деді депутат Қарақат Әбден жартылай суға батып тұрған үйлерді көргенде.

Депутат сонымен қатар үйлердің бейберекет салынғанына, құрылыс тәртібі сақталмағанына назар аударды.

«Жағалау» шағын ауданында кейінгі жылдары көптеген тұрғын үйлер салынды. Ауданды абаттандыру, оның инфра­құрылымын салу да рет-ретімен жүріп жатыр. Жақында онда жылы аялдама орнатылды. Алайда оның құрылысы аяқталмай қалған. Депутаттар бұл шаруаны жедел түрде шешу керектігін айтты. 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх