Өңірлер жаңалығы

Дариға Назарбаева Қазақстандағы жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесті

01 қараша, 22:51106
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: senate.parlam.kz Дереккөз: senate.parlam.kz
Сенат Төрағасы, Қазақстан Жастар конгресі кеңесінің Төрағасы Дариға Назарбаева Павлодар облысында Жастар конгресінің күні аясындағы бірқатар шараға қатысты, деп хабарлайды Елорда Инфо senate.parlam.kz ресми сайтына сілтеме жасап. 

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Павлодар облысына жұмыс сапары барысында М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында жеткіншектерді «Жас Ұлан» қатарына салтанатты қабылдау рәсіміне қатысты. 

Д.Назарбаева «жасұландықтар» қатарына жаңадан қабылданған жастарға ізгі тілегін айтты. 

Сенат Төрағасы одан кейін жақын арадан бері Toraighyrov University деп аталатын Павлодар мемлекеттік университетінде болды. Бұл жерде жастардың «Жасыл ел» еңбек жасақтарының XV маусымы салтанатты түрде жабылды.

Ең үздік жауынгерлер мен отрядтар "Úzdіk sarbaz", "Úzdіk jasaq", "Úzdіk jetekshі", "Úzdіk komandir" және тағы басқа арнайы атаулар бойынша марапатталды.

Сенат басшысы Жастар бастамаларын дамыту орталығында Ұлттық еріктілер желісінің еріктілер бастамалары көрмесіне қатысты.

Республикалық «Jomart Jurek» сыйлығының «Жыл еріктісі» атауы бойынша иегері Аяжан Құрманова аймақтағы еріктілердің қызметін қонақтарға таныстырды және «Ақкөңілдер клубы», шала туған балаларға көмек көрсету жөніндегі «28 ілмек» қайырымдылық клубы, «Вита» іздестіру жасағы туралы айтып берді.

Парламент Сенатының Төрағасы Павлодардағы Достық үйінде Қазақстан Жастар конгресінің жалпы отырысына қатысып, республикалық жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Дариға Назарбаева Жастар Конгресінің мүшелеріне медальдар мен алғыс хаттар табыс етті. 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх