Қоғам

БҰҰ-ның нашақорлықтың алдын алуға бағытталған жобасы 4 қалада жүзеге асырылады

26 сәуiр, 16:39192
Автор: Elorda Aqparat
Фото ҚР ІІМ баспасөз қызметінен алынды Фото ҚР ІІМ баспасөз қызметінен алынды

Нұр-Сұлтан қаласында қауымдастықтың бастамасы бойынша психобелсенді заттарды асыра пайдалану профилактикасының озық бағдарламаларын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшілігімен бірлесіп, ІІМ-мен ұйымдастырылған дөңгелек үстел жұмысына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, аумақтық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері, нашақорлық профилактикасы мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың басшылары қатысты.   

Қатысушылар психобелсенді заттардың жаңа буынын  тарату халық денсаулығына, ел экономикасына, құқықтық тәртіпке және  мемлекеттің  қауіпсіздігіне айтарлықтай қауіп туғызатынын атап өтті.

Іс-шара барысында Қарағанды және Өскемен қалаларында өткізілген CADKA пилоттық жобасының тұсау кесері ұсынылды.

Жоба жергілікті басқару органдары мен полицияның мүмкіндіктерін ғана емес, жастар мен үкіметтік емес секторды тарта отырып жекелеген өңірде жүйелі профилактикалық жұмысты қалыптастыруды меңзейді. Бұндай  ұстаным өңірдің қаржылық қаражатын тиімді пайдалануға, барлық қатысушы тараптардың мүддесін арттыруға, бағдарламаны іске асыруға  қатысатын тараптар арасында жақын ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді.

Дөңгелек үстел соңында Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының, Павлодар және Солтүстік Қазақстан  облыстарының әкімдіктеріне астанамызда және Алматы, Павлодар, Петропавл қалаларында  оны іске асыру  мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныс қабылданды. 

 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх