• USD 385
  • EUR 434

Өңірлер жаңалығы

Бүгіннен бастап арыстықтар жәрдемақыларын ала бастайды

14 тамыз, 11:0744
Автор: Elorda Aqparat
Фото Сәкен Қалқаманов/Facebook Фото Сәкен Қалқаманов/Facebook

Бүгіннен бастап арыстықтар мемлекет тарапынан және қазақстандықтар қор арқылы жиналған қаражатты жәрдемақы түрінде ала бастайды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Бүгін 58 мың Арыс қаласының тұрғыны өздеріне тиесілі 100 000 теңгені Халық банкінің банкоматы арқылы шешіп ала алады. Арыста стадион жанындағы спорт мектебінде 8 банкомат орнатылды. Бұдан бөлек, қалада 10 банкомат бар. Жиналған 5,8 млрд теңгенің 1,8 млрд теңге сомасын қазақстандықтар өз күштерімен жинады. Одан бөлек 1 млрд теңге Түркістан облысы әкімдігінің бюджетінен және 3 млрд теңге қаражат республикалық бюджеттен бөлінді», - деп жазды Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Facebook парақшасында.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх