Спорт

Боксшы Бекзат Нұрдәулетов қыркүйек айының үздік спортшысы атанды

09 қазан, 15:0981
Автор: Elorda Aqparat

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтында «Қыркүйектің ең үздік спортшысына» дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Дауыс беру нәтижесі бойынша Бекзат Нұрдәулетов жеңіске жетті. Қыркүйек айының үздігі атануға 6 спортшы үміткер болды. Олар: Бекзат Нұрдәулетов (бокс), Қамшыбек Қоңқабаев (бокс), Нұрқожа Қайпанов (еркін күрес), Дәулет Ниязбеков (еркін күрес), Игорь Сон (ауыр атлетика), Қорлан Жақанша (грек-рим күресі).

Дауыс беру бүгін сағат 13:00-де тоқтатылды. Нәтижесінде, 43,07 пайызбен Бекзат Нұрдәулетов топ жарды. 23,34 пайызбен Қорлан Жақанша екінші орынға жайғасса, 22.08 дауыс жинаған Нұрқожа Қайпанов үшінші орынға ие болды.
 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх