Экономика

Бизнеске жасалған бөгетті жою қажет – Қазақстан-Ресей кәсіпкерлері

06 қараша, 19:4852
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: ҚР СИМ баспасөз қызметі Дереккөз: ҚР СИМ баспасөз қызметі

Бүгін Омбы қаласында Ресей мен Қазақстанның XVI өңіраралық ынтымақтастық форумы ашылды, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Форум шеңберінде ҚР Сауда және интеграция министрлігі РФ Экономикалық даму министрлігімен бірлесіп «Шекара маңындағы ынтымақтастықты дамыту: Еуразиялық екпін» тақырыбында панельді сессия өткізді. ҚР СИМ Экономикалық интеграция департаментінің директоры Темірлан Жантасов осы сессияның қосалқы модераторы ретінде қатысты. Одан басқа, сессия барысында ҚР СИМ Сыртқы сауда қызметі департаментінің директоры Уасиля Байқадамова спикер ретінде сөз сөйледі. 

Ол өз сөзінде ЕАЭО елдерінде орын алған протекционистік көңіл-күйді ерекше атап өтті, әрі оларды жеңуге және негізсіз бөгеттер жасамай, қазақстандық пен ресейлік тауарлардың арасындағы бәсекелестікті адал жүзеге асыруға шақырды. 

Фото ҚР СИМ баспасөз қызметіненФото ҚР СИМ баспасөз қызметінен

«Ресей өндірушілерінің тамақ өнімдері бұрыннан бері қазақстандық дүкендердің сөрелерінде өз орнын тапқан. Қазақстандық сүт өнімі, жартылай ет өнімін, өсімдік майларын өндірушілері мен қазақстандық көлік өнеркәсібі сондай-ақ Ресей нарықтарына шығуда. Алайда, өкінішке қарай, біздің өндірушілеріміз ресейлік тұтынушыларға қолжетімділікті шектейтін бірқатар бөгетке жиі тап болуда. Еуразиялық экономикалық одағында протекционистік көңіл-күйді әлі де күшті деп санаймыз. Мүше елдер бір бірінен оқшауланғысы келеді, өз өндірушілері үшін барынша қолайлы жағдай жасағысы келеді. Бірақ қазақстандық, ресейлік өндірушілер мен тұтынушылар біздің бәскелес емес, әріптестер екенімізді естерінде сақтауы тиіс. Өндірушілерді қорғауға жұмсайтын қуатымыз үшінші елдердің импорттаушыларына қарсы бағытталауы тиіс. Ішкі нарықты қорғау тетіктерін тиімді және бірлесіп қолдану өте маңызды», – деді Байқадамова.

Панельдік сессияға қатысушылар тараптарды ЕАЭО мен екі жақты қазақстандық-ресейлік ынтымақтастық шеңберінде өзекті күн тәртібінің барлық мәселесі бойынша күш-жігерді үндестіру жағынан барынша белсенді жұмыс істеуге шақырды.

Осы сессиядан тыс жерде ҚР СИМ өкілдері өздерінің дайындығын және қазақстандық бизнестің мүдделерін қорғау үшін барлық алаңды одан әрі пайдаланатынын білдірді.

«Біз өз күш-жігерімізді екі негізгі бағытта жұмсаймыз. Біріншіден, құқықтық «ала дақтарды» жою бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Олар өзара саудадағы кедергілер үшін алғышарттарды құрады. Тіпті егер барлық құқықтық проблемаларды алып тастағанның өзінде, жолдар мен шекаралық өтпелердің тиісті көлемінсіз сауданың әлеуетін өткізу жөнінде сөз қозғауға болмайды», – деп толықтырды Уасиля Байқадамова.

Айта кетсек, ЕАЭО-ның жұмыс істеуі шеңберінде өзара саудадағы кедергілер мәселесі өте өзекті болып отыр. Оны Еуразиялық экономикалық одағы елдерінің Үкіметтері қолданады. Еуразиялық экономикалық комиссиясының есебі бойынша бүгінгі таңда мұндай 70-ке жуық бөгет бар.

Қазақстан бизнесі бұрыннан бері процесске қатысушылардың барлығын ерікті шешім қабылдауға және осы кедергілерді алып тастауға шақырады. 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх