• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

«Бизнес по казахски» фильмі былтыр 2 млн доллар пайда тапты – Қоянбаев

11 қыркүйек, 11:2747

Белгілі продюсер Нұрлан Қоянбаев елордада өтіп жатқан «Astana Media Week» апталығында отандық фильмдердің сапасын, сондай-ақ «Бизнес по казахски» туындысының табысы туралы мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Кино саласында жұмыс істеп жатқанымызға 4 жыл болған жоқ, бұл аралықта кішігірім 3 кино түсірдік. Қазақстандық көрерменнің отандық киноға деген қызығушылығы өсіп жатыр. Соңғы екі жылда қазақстандық кинолар көру жағынан Голливудтық киноларды қуып жетті деп айтуға болады. Қазақстан кинотеатрларынан көрсетілген үздік 5 киноның қатарына 2 қазақстандық кино енді. «Бизнес по казахски» фильмінің кассалық түсімі 2 млн доллар табыс тапты. Оны ең үздік деп отырған жоқпын. Бірақ, бұл – кинотеатр түсіміндегі қазақстандық киноның жемісі», - деді Н. Қоянбаев «Қазақстандағы кино мен сериалды дамыту» панельдік сессиясында.

Сөз арасында продюсер Үкімет тарапынан өнер мен киноны қолдаудың маңыздылығын ерекше қозғап өтті.

«Бизнес по казахски» фильмінің кезекті шығарылымын Кореяда түсіріп келдік. Ондағы әріптестермен сөйлескенде, Корея мемлекеті әлі күнге дейін жеке компанияларға көмектесіп жатқанын айтты. Нәтижесін де көріп отырсыздар, Оңтүстік Кореяның телехикаясы, киносы, мәдениеті бүкіл әлемге таралды, үлкен сұранысқа ие», - деді ол.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх