Қоғам

Биыл елімізде Кәсіподақтар күні мерекесі алғаш рет аталып өтілуде

10 қазан, 11:4056
Автор: Elorda Aqparat

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанның кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жұмысшылардың мәселелерін шешуде белсенді және жемісті жұмыс тіледі, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоға сілтеме жасап.

«Осы жылы алғаш рет 10 қазан күні атап өтілетін Кәсіподақтар күні мерекесінің белгіленуі қуантарлық жайт. Бүгінде Қазақстанда 600-ден астам кәсіподақ бар, олар 3 млн-нан астам жұмыскерлерді біріктірді. ҚР Үкіметімен ынтымақтастық жылдарында кәсіподақтар өздерін қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау бойынша белсенді қатысушы және әріптес ретінде көрсете білді. Біз үшін әлеуметтік-еңбек мәселелерін республикалық үшжақты комиссия форматында ғана емес, жүйелі жұмыс кездесулері аясында де бірлесіп талқылау дәстүрге айналды. 2018-2020 жылдарға арналған Бас келісім іске асырылуда, онда әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейлерінде міндетті түрде сақтау үшін мемлекеттің, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің әлеуметтік жауапкершілігінің қағидаттары қалыптастырылған», - дейді Б.Нұрымбетов.

Кәсіподақтар еңбекшілердің әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерін белсенді шешеді, кәсіпорындарда еңбек заңнамасы мен қауіпсіздік техникасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

«Қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі функцияларды орындау кезінде туындайтын проблемаларды шешуде кәсіподақтардың рөлін күшейту еңбек саласы көрсеткіштерінің, оның ішінде соңғы үш жылда жақсаруына ықпал етті. Мәселен, өндірісте зардап шеккен жұмыскерлердің саны 6,8%-ға төмендеді, жасалған ұжымдық шарттар саны 43,3%-ға артты. Кәсіподақтардың арқасында жұмысшылар мәдени және салауатты демалысты ұйымдастыруға тартылған. Мемлекет еңбек қатынастары субъектілерінің мүдделерін оңтайлы келісуге қол жеткізуге қабілетті күшті және жауапты кәсіптік одақтарға мүдделі. Қоғамдық қатынастарды реттеудегі кәсіподақтардың рөлі неғұрлым маңызды болған сайын, олар өздерінің басты мақсатын – қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауды тиімді және табысты жүзеге асыра алады. Қазақстан кәсіподақтарына белсенді және жемісті еңбек тілеймін», - деді ол.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх