Қоғам

Бірыңғай төлем  қызметі «iQala» орталығы арқылы жүзеге асады

11 қыркүйек, 18:55174
фото авторы Сұлтан Сейітов/ Elorda Aqparat фото авторы Сұлтан Сейітов/ Elorda Aqparat

Бұдан былай елордалықтар бірыңғай төлем қызметін «iQala» орталығы арқылы ала алады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. 

"Біздің орталық атқарушы органдардың, коммуналдық және муниципалдық қызметтердің, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту институттарының халықпен және бизнеспен «бір терезе» қағидасы бойынша өзара іс-қимылының жаңа форматы болып табылады. Біздің мақсат – барлық қызметті бір жерден көрсетумен ғана емес, сонымен қатар қызметті цифрландыру және автоматтандырумен де айналысады. Бұл дегеніміз электрондық сандық қолтаңба арқылы үйде отырып-ақ қажетті қызметті алуға болады деген сөз», – деді «iQala» орталығы ның директоры Руслан Жұмаділов. 

Орталық басшысының сөзіне сүйенсек, қазіргі уақытта «iQala»-да 40 қызмет түрі көрсетіледі. Жыл соңына дейін қызмет түрін 129-ға жеткізу көзделіп отыр. 

Фотода Руслан ЖұмаділовФотода Руслан Жұмаділов

«Астаналықтардың біздің орталық арқылы ең көп қолданылатын қызмет түрі – жеке және заңды тұлғалардың келісімшартқа отыруы. Одан бөлек, «Теплотранзинт» – 22, «АстанаРЭК» – 8, «Астана Су Арнасы» – 2 қызмет түрі «iQala» арқылы ұсынылуда. Ертеңнен бастап біздің қатарымыз тағы бір қызметпен толығады. Ол – «Астана бірыңғай төлем" орталығының қызметтері. Бұдан былай осы ұйымның 7-8 қызметі біздің орталық арқылы жүзеге асырылады. Ал болашақта біздің орталық арқылы көрсетілетін барлық қызмет түрін цифрландыру және оңтайландыру жоспарлануда. Сондай-ақ бір құжатпен немесе бір сұраныспен бірнеше қызмет түрін алу мүмкіндігі қарастырылуда», – деді ол.  

Оның айтуынша, «iQala» орталығының қызмет түрлерін цифрландыру жұмыстары шамамен 1-1,5 ай ішінде аяқталады. 

«iQala әзірге қанатқақты жоба ретінде жұмыс істеуде. Жұмыстың нәтижесін уақыт көрсетеді. Егер орталық жұмысы ойдағыдай жүзеге асырылса, алдағы уақытта қаланың әр ауданында «iQala» орталықтары ашылатын болады. Елордалық біршама ұйымның қызмет түрі бізге берілсе, олардың қызметкерлері жұмыссыз қалмай ма деген сұрақ туындауда. Біріншіден, ол қызметкерлердің белгілі көлемін біз өзімізге ала аламыз. Тек бір ғана мәселе, бұл жерде олар бір емес, бірнеше қызмет түрін көрсетеді. Яғни әмбебап маман болады. Ал қалған қызметкерлерді сол ұйым өз ішінде қайта тағайындайды», – деді Р. Жұмаділов. 

фото авторы Сұлтан Сейітов/ Elorda Aqparatфото авторы Сұлтан Сейітов/ Elorda Aqparat

Астана бірыңғай төлем орталығының бас директоры Бейбіт Көпбаев қазіргі уақытта қызметкерлерінің бірі «iQala» орталығында қызмет етіп жатқанын атап өтті. 

Фотода Бейбіт КөпбаевФотода Бейбіт Көпбаев

«Біз «iQala» бірыңғай қызмет көрсету орталығымен екі жақты келісімшартқа қол қойдық. Енді біздің орталықтың қызметін «iQala» орталығы көрсететін болады. Қазіргі таңда ұйымдастыру және интеграциялау жұмыстарымен айналысудамыз. Осы процесс аяқталған соң біздің қызмет осы орталыққа толықтай берілетін болады. Басында тұрғындарды тарту үшін «iQala»-ға қол ұшын созатын боламыз. Егер қызмет көрсету сапасы ілгері басса, біз ол қызметтерді өзімізден алып тастайтын боламыз. Жалпы, көрсететін қызмет түрлерінің ішінде төлемақы түбіртегін шығарып беру, сол секілді қағаз келісімшарттан бас тартып, электронды келісімшарт жасасу немесе қол қою жоғары сұранысқа ие. Сондай-ақ азаматтар аты-жөні дұрыс жазылмағанда және тұрғылықты мекенжайын ауыстырғанда немесе тұрғын үйінің аумағын өзгертуге қатысты қызмет түрлерін біздің орталықтан алады. Одан бөлек, ПИК, лифт, төлемақы төлеу уақыты мен көлемі туралы білсе болады. Қазіргі уақытта біздің орталықтың 1 қызметкері «iQala» орталығы арқылы қызмет көрсетіп жатыр», – деді Бейбіт Көпбаев.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх