• USD 385
  • EUR 434

Қылмыс және оқиғалар

«Big Шанхай» базарында өрт шықты 

06 тамыз, 08:58403
Автор: Elorda Aqparat
Фото Төтенше жағдайлар департаментінен Фото Төтенше жағдайлар департаментінен

Елордадағы «Big Шанхай» базарында 30 дүңгіршек жанып кетті, деп хабарлайды Елорда Инфо Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«6 тамыз күні сағат 03:49-да Нұр-Сұлтан қаласының «101» пультіне Байқоңыр ауданының Алаш көшесінде орналасқан «Big Шанхай» базарында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер жеткен 03 сағат 57 минутта «Ярмарка» азық-түлік павильонында халық тұтынатын тауарлар орналасқан 30 дүңгіршек жанып жатқаны анықталды. Құтқарушылардың күшімен 04:35-те жалынның таралуы тоқтатылып, 05:08-де толығымен ауыздықталды», - делінген ТЖД хабарламасында.

Фото Төтенше жағдайлар департаментіненФото Төтенше жағдайлар департаментінен

 

Фото Төтенше жағдайлар департаментіненФото Төтенше жағдайлар департаментінен

Тілсіз жау 500 шаршы метр аумақты шарпыған.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 44 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылды.

Фото Төтенше жағдайлар департаментіненФото Төтенше жағдайлар департаментінен

Фото Төтенше жағдайлар департаментіненФото Төтенше жағдайлар департаментінен



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх