• USD 381
  • EUR 428

Тұрғын үй алаптары

BI Group тұрғын үйлердегі балкондар санын қысқартуды ұсынды

02 ақпан, 17:41391
Сурет metragi.ru сайтанан алынды Сурет metragi.ru сайтанан алынды

BI Group құрылыс холдингі басқармасының төрағасы Амангелді Омаров Бақыт Сұлтановқа тұрғын үй нысандарын таныстыру кезінде Астанадағы балкондар проблемасымен бөлісті. Компания пәтерлердегі балкондардың санын азайтқысы келеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

​«Кез келген балконға 30% жарық түседі. Адамдар терезелерді ашқысы келмей, балконның есіктерін ашады, содан мұз пайда болады. Біз Сергей Михайловичке (Сергей Хорошун – Астана әкімінің бірінші орынбасары) жүгіндік. ҚНЖЕ бойынша балкондар санын азайтуға, ал 4-қабатқа дейін оларды мүлдем алып тастауға болады. Осылайша жарық және бөлме көп болады», - деп есептейді BI Group құрылыс холдингі басқармасының төрағасы Амангелді Омаров.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Бақыт Сұлтанов Астанадағы BI Group компаниясының бірнеше нысандарын және құрылыстың жаңа технологияларын аралап көрді.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх