Спорт

BI GROUP IRONMAN KAZAKHSTAN Нұр-Сұлтанда 2020 жылы өтеді

09 қазан, 17:4230
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: tengrinews.kz Дереккөз: tengrinews.kz

BI GROUP IRONMAN KAZAKHSTAN Нұр-Сұлтанда 2020 жылы өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Бұл туралы Сергей Бодров Fasebook желісінде жариялады.

"Көптен күткен оқиға 2020 жылдың 23 тамызында Нұр-Сұлтанда өтеді! Оның басталуына дәл қазір 10 ай қалды және толық қашықтыққа дайындықты осы кезден бастау керек. Тамызды біз жайдан-жай таңдамадық, спорттық жарысқа қатысу үшін атлеттер жақсы формада келуі керек. Велосипедпен қажетті қашықтыққа жарысып үлгеріп, тас жолындағы жүгіру мен жүзуді өзгерттік. Километр қашықтығы мен жағалауды қостық. Бірақ олар сонда да әлемдегі ең жылдам болып қала береді", – деп жазды ол. 

Сергей Бодровтың сөзінше, тамызда су температурасы 20-22 градус болады. бұл гидрокостюмдерді сынауға мүмкіндік береді. Ал ауа температурасына келсек, марафон қатысушыларына анағұрлым жайлы болады. 

"BI GROUP IRONMAN 70.3 ASTANA!!! Бұл күні сіздер осы қашықтыққа өз күштеріңізді байқап көрсеңіздер болады. Әлбетте, қазақы қонақжайлық та сізді әрдайым қуанышқа бөлейді!" – деп түйіндеді ұйымдастырушы. 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх