• USD 381.4
  • EUR 427

Қоғам

БЖЗҚ Ашық есік күні шарасына шақырады

15 наурыз, 16:5787
Автор: Elorda Aqparat

19 наурыз күні БЖЗҚ-ның барлық филиалында сағат 10:00-нан бастап Ашық есік күні шарасын өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Шараға қатысушылар биылғы жылы күшіне енген, зейнетақы заңнамасындағы барлық өзгерістер туралы толыққанды және маңызды мәліметтерді, сондай-ақ өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша ақыл-кеңес ала алады.

Ашық есік күні шарасында мынадай сұрақтар көтеріледі:

- жеке зейнетақы шоттарын автоматты түрде ашу рәсімі;

- азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстар мен қызметтер атқаратын жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын төлеу рәсімін оңайлату;

- Бірыңғай жиынтық төлемді енгізу;

- бекітілген кесте бойынша зейнетақы төлемдерін есептеу;

- зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша өтініш беру.

БЖЗҚ салымшылар мен алушыларды және барлық келем деушілерді Ашық есік күні шарасына шақырады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх