• USD 385
  • EUR 434

Тұрғын үй алаптары

Байқоңыр ауданында 52 тұрғын үйдің қасбеті жөндеуді қажет етеді

28 қаңтар, 19:15557
Суретті түсірген Сұлтан Сейітов Суретті түсірген Сұлтан Сейітов

Байқоңыр ауданы әкімдігі аумақтағы тұрғын үй қорының қаптамасының жағдайына талдау жүргізіп, нәтижесінде 52 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеті жөндеуді қажет етеді деп таныды. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен отырыста аудан әкімі Ерлан Каналимов мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

​Бүгінгі күні Байқоңыр ауданында 452 көппәтерлі тұрғын үй бар. Оның 374-і – 9 қабатқа дейін, ал қалған 78-і – тоғыз қабаттан жоғары.

Аудан әкімінің айтуынша, 52 тұрғын үйдің қасбетіне жөндеу (сырлау, ақтау, ішінара сылау) жүргізу қажет. Оның ішінде 42 үй – 5 қабатқа дейін, 10 үй – 5 қабаттан жоғары.

«Аталған үйлердің табиғи тозу дәрежесін анықтау үшін техникалық тексеру жүргізу қажет. Осы мәселені шешу үшін бұрын талқыланғандай, аудандық әкімдіктерге бюджеттік қаражат есебінен қасбеттерді жөндеу бойынша бағдарлама беру мәселесін шешу қажет деп санаймыз», - деді ол.

Сондай-ақ аудан басшысы көппәтерлі тұрғын үй қасбеттерін ақтау/сырлаумен шектелмеу үшін Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына 2019 жылдың көктемгі кезеңі басталғанға дейін көрсетілген үйлердің энергиялық аудитін ұйымдастыру, сондай-ақ олардың термомодернизация құнын анықтау қажеттілігі туралы қызметтік хат жібергенін атап өтті.

«Сонымен қатар, аудандағы 19 үй желдетілетін қаптамадан (керамогранит, алюкобонд) жасалған қасбетті ішінара қалпына келтіруді қажет етеді. Мұндай үйлер бойынша қирау көлемі шамамен 760 шаршы метрді құрайды. Біз мұндай қасбеттерді жөндеу жұмыстарын өндірістік альпинистер мен мамандандырылған биіктік техникалардың тәуелсіз бригадаларын тарту арқылы қызмет көрсететін ұйымдар қажетті материалды бөлген жағдайда жүргізуді жоспарлаудамыз», - деп қосты Ерлан Каналимов.

Бүгінгі күні қажетті шығыс материалдары 4 үй бойынша дайындалды, олар бойынша қалпына келтіру жұмыстары басталды. Жалпы желдетілетін қаптамадан жасалған 19 үйді ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін қалпына келтіру жоспарлануда.

«Бұдан басқа, ауданда белгіленген тәртіпте пайдалануға берілмеген екі проблемалық нысан орналасқан. Бұл Бейсекбаева көшесі, 2 («Гранитный» ТК) және Асан қайғы көшесі, 2 («Территория комфорта» ТК) мекен-жайы бойынша орналасқан үйлер. Аталған үйлердің қасбеттері де айтарлықтай жөндеуді талап етеді, сметалық және өзге де техникалық құжаттама дайындалып жатыр, олар бойынша біз 2019 жылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу үшін шұғыл шығындарға арналған жергілікті атқарушы органның резерві есебінен қаптамаға ағымдағы жөндеу жүргізуді жоспарлап отырмыз», - деді Байқоңыр ауданының әкімі.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх