Тұрғын үй алаптары

«Баспана Көктал» тұрғын үй кешені «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынады

24 қазан, 12:42617
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Елорда әкімі Алтай Көлгінов «Баспана Көктал» тұрғын үй кешеніне қайта барды, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдікке сілтеме жасап.

Бұл үй төрт жыл бұрын проблемалы болып танылған, ондағы үлескерлер саны 500-ден асады. Тұрғын үй кешенін «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Елорда құрылыс компаниясы» салып бітіретін болады.

Мұнда соңғы келген уақыттан бері жобаға түзетулер енгізілген: үйге техникалық тексеру жұмыстары жүргізіліп, инженерлік желілері бойынша жоба мемлекеттік сараптамада қаралуда. Құрылыс салушының айтуынша, лифтілерді орнату бойынша қалқа-қоршауларын бөлшектеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Әуел баста жоба бойынша 5 қабатты үй салу жоспарланғандықтан мұнда лифті қарастырылмаған, лифтіні өзіміздің қазақстандық компаниядан сатып аламыз, сонымен қоса терезелерін ауыстырамыз. Ал көктемде үйдің ішкі әрлеу жұмыстарына кірісеміз», - деді құрылыс салушы.

Қала әкімі Алтай Көлгінов қыс түскенге дейін барлық есіктері мен терезелерін жауып, үй төбесінің жабынын бекіту керектігін айтты. Тапсыру мерзімі - 2020 жыл.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Айта кетейік, қалада құрылысы аяқталмаған 51 нысан (76 үй) бар. Осы жылдың соңына дейін тапсырылатын үйлердің саны 10-ға жетеді.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх