Сайлау-2019

Бас прокуратура сайлау күні қандай заңбұзушылық болғанын мәлімдеді

09 маусым, 21:33275
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, сайлау күні елімізде 19 заңбұзушылық тіркелген. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Қоғамдық мүддені қорғау қызметінің басшысы Сапарбек Нұрпейісов мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Оның айтуынша, сайлау процесі бірқалыпты өтіп, азаматтардың құқықтарын өрескел бұзушылық тіркелмеген. Дегенмен Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарында сайлау заңнамасын бұзудың 19 фактісі анықталыпты.

«Заңсыз үгіт бойынша 1 дерек, азаматтардың қолдарына бірнеше бюллетеннен беруде 11 факт, жәшікке 2-3 бюллетеннен салу мен екі учаскеде дауыс беру ісі бойынша 2 жағдай тіркелген. Бұл деректерге сәйкес, прокурорлар 18 әкімшілік іс қозғады. Бірнеше бюллетень беру бойынша 12 іс, екі немесе одан көп рет басқа сайлаушы үшін дауыс беру бойынша 6 әкімшілік іс қозғалды», – деді Сапарбек Нұрпейісов.

Ол сөз арасында барлық материал қазір сотқа берілгенін айта келе, заңбұзушылыққа жол берген комиссия мүшелері қызметтерінен шеттетілгенін жеткізді.

«Қызылорда қаласындағы 251 сайлау уческесінде бір сайлаушыға 5 бюллетень  берілгені анықталды. Оған әкімшілік іс 110-бап бойынша қозғалды. 25 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Жалпы, 2-3 бюллетень беру фактісі бойынша Алматы қаласында, Алматы, Түркістан облыстарында, елордада екі учаскеде бір сайлаушыға қатысты прокурорлар 108-баппен іс қозғады.  Олардың 4-еуі сотта қаралды. 25 АЕК айыппұл салынды», – деп қорытындылады С.Нұрпейісов.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх