Сайлау-2019

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Президент сайлауында дауыс берді

09 маусым, 15:32238
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз еліміздің кезектен тыс өтіп жатқан президент сайлауына қатысты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Серікбай қажы Ораз «Оқушылар сарайы» ғимаратында орналасқан №59 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасап, дауыс берді.  

 «Бұл маңызды күн. Тәуелсіз еліміздің кезектен тыс президентін сайлау өтіп жатыр. Мен де еліміздің азаматы ретінде айтулы іс-шараға қатысып, дауыс беру арқылы міндетімді атқардым. Себебі біз қоғамымыздағы рухани келісім мен тұрақтылық үшін әрбір азамат атсалысуы керек. Сондықтан әр қазақстандық осы конституциялық құқығының аясында таңдауын жасап, елдің бірлігі, жарқын болашағы үшін дұрыс шешім қабылдауы керек. Өз басым қасиетті айтпен жалғасып жатқан осы мерекелі күнде елдің амандығын, жұрттың тыныштығын тілеймін. Әрбір отбасыға бақ-береке, ынтымақ орнасын!» деді бас мүфти.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх