Спорт

«Барыс» «Салават Юлаев»-ты жеңіп, дивизионда көш басына шықты

10 қазан, 08:5626
Автор: Elorda Aqparat
Фото: hcbarys.kz Фото: hcbarys.kz

Хоккейден құрлықаралық лиганың кезекті турында елордалық «Барыс» сырт алаңда «Салават Юлаевты» қапы қалдырды, деп хабарлайды Елорда Инфо рrosports.kz сайтына сілтеме жасап.

1-кезеңнің 12-минутында «Барыстың» капитаны Даррен Диц есеп ашса, 2-кезеңнің бел ортасында Сакари Маннинен таразы басын теңестіріп кетті. Ал 45-минутта Кертис Волк «Барыс» үшін жеңіс голын соқты.

Осылайша, «Барыс» қатарынан 3 ойында жеңу арқылы «Чернышев» дивизионында 1-ші орынға шықты. Ал Шығыс конференциясында 2-ші орында келеді.

Айта кетейік, «Барыс» келесі ойынын 11 қазан күні тағы да түзде «Сібірге» қарсы өткізеді.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх