• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Барлық аналардың өтініштері қарастырылады - Астана әкімі 

12 ақпан, 18:20279
Автор: Elorda Aqparat

Әкімдікке жолданған аналардың өтініштері қаперден тыс қалмайды. Бұл туралы Астана әкімі қаланың тыныс-тіршілігіне арналған отырыста айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

​«Өткен аптада баршамыздың қабырғамызды қайыстырған қайғылы жағдай орын алды. Осындай жағдайдың қайталанбауы үшін аудан әкімдіктері мен құзырлы жергілікті атқарушы органдар тарапынан өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бес баланың өмірін қиған қайғылы оқиғадан кейін өздерінің әлеуметтік жағдайын айтып көпбалалы аналар хабарласты. Біз олармен бірнеше кездесу өткіздік, барлығының өтініш-арызын қабылдадық. Осы арыздардың ешбірі әкімдік назарынан тыс қалмайды», - деді Б.Сұлтанов.

Азаматтар өз өтінішінде негізінен, баспанамен қамтамасыз ету және тұрмыстық мәселелерінің шешілуін сұраған.

«11 ақпандағы жағдай бойынша 785 өтініш түсті. Оның 154-і бойынша шешімдер қабылданды. Бірде-бір арыз назардан тыс қалмайды», - деді әкім орынбасары Е.Аманшаев.

Астана әкімі кездесудің барлығының заң аясында өткендігін, бұл жұмысқа аудан әкімдіктері мен басқармалар бірлесіп, атсалысуы қажеттігін атап өтті.

Айта кетейік, қазіргі таңда Астана әкімдігінің жанынан арнайы жұмыс тобы құрылып, көпбалалы аналардың өтініштері қарастырылуда. Осы жұмыс аясында мобильді топ құрылды.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх