Экономика

7-20-25 бағдарламасымен 9 мыңдай өтінім мақұлданды

13 тамыз, 15:58106
Автор: Elorda Aqparat
Фото ktk.kz сайтынан Фото ktk.kz сайтынан

7-20-25 бағдарламасын іске асыру аясында 188,3 млрд теңге сомаға 16 677 өтініш берілді, оның ішінде банктер 112,7 млрд теңге сомаға 9 813 өтінімді мақұлдады, деп хабарлайды Елорда Инфо primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Президент Жарлығын іске асыру аясында Үкімет пен Ұлттық Банк банктермен және микроқаржы ұйымдарымен бірлесіп екі бағыт бойынша жұмыс жүргізуде.

Біріншісі – халықтың әлеуметтік осал топтары үшін кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша 300 мың теңгеге дейін мөлшерде берешекті өтеу.

Азаматтардың тізімдері бойынша берешек туралы ақпаратты жинау жұмысы жүргізілді. Ақы төлеуге тізім жасалды. Берешекті өтеу тамыздың соңына дейін аяқталады. Бұл алдын ала деректер бойынша еліміздің 508 мың азаматына 105,5 млрд теңге сомаға мемлекеттік қолдау алуға мүмкіндік береді. Азаматтар банктер мен микроқаржы ұйымдарына өтініш жасамайды, берешекті өтеу жұмысын кредиторлар дербес жүргізеді, содан кейін кредиторлар әрбір қарыз алушыға тиісті хабарлама жібереді.

Екінші – 2019 жылғы 1 шілдеге барлық қазақстандықтардың кепілсіз тұтынушылық несиелері үшін айыппұлдары мен өсімпұлдарын есептен шығару. Осы жылдың 30 шілдесінде банктер мен шағын қаржы ұйымдары жалпы сомасы 33,6 млрд теңгеге 1,2 млн азаматтың кепілсіз тұтынушылық несиелері үшін айыппұлдары мен өсімпұлдарын есептен шығарды. 20 тамызда Ұлттық Банк аталған ұйымдардың шығындары сомасының 30%-ына дейін өтейтін болады.  



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх