• USD 385
  • EUR 434

Қылмыс және оқиғалар

Балалар зорлығына кінәлілерді өлім жазасына кесуге қатысты министрлік түсініктеме берді

12 қыркүйек, 13:2947
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Кәмелет жасына толмаған балалар мен жасөспірімдерге зорлық-зомбылық көрсету қылмыстық ісінің жазасын қатаңдату бойынша ҚР ІІМ өкілі пікір білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Еліміздің заңнамаларында өлім жазасына кесу мәселесі қаралған. Оған тыйым салынған жоқ, тек мораторий жүргізіледі. Бүгінде балаларға қарсы зорлық-зомбылық қылмысына қатысты заң күшін қатайту жұмыстары ІІМ мен Бас Прокуратура талқылау үстінде. Заңға қандай да бір өзгерістер енгізілсе хабарлайтын боламыз», - деді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін вице-министр жыл сайын 40 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жазаға тартылатынын айтқан болатын.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх