Мәдениет

Балалар Еуровидениесі-2019: Ержан Максим әнінің клипі жарық көрді

10 қазан, 17:3843
Автор: Elorda Aqparat
Фото клиптен скриншот Фото клиптен скриншот

Биылғы «Балалар Еуровидениесі - 2019» халықаралық байқауында еліміздің намысын қорғайтын жас әнші Ержан Максим айтатын әнінің клипі желіге жарияланды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Арманыңнан қалма» әнінің клипі ертегі түрінде түсірілген. Сондай-ақ, туынды сюжетінде балалар мен Алматы қаласы көрініс табады.

Еске салсақ, айтулы байқауға Қазақстаннан Ержан Максимнің қатысатыны туралы үстіміздегі жылдың шілде айында белгілі болды.

Өткен жылы «Балалар Еуровидениесінде» Қазақстанның атынан Данэлия Төлешова қатысқан болатын.

Айта кетсек, биылғы балалар ән байқауына әлемнің 15 елінің өкілі қатысады. Байқау алдағы 24 қараша күні Польшаның Гливице қаласында өтеді.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх