Қоғам

«Бақытты отбасы» бағдарламасына кімдер қатыса алады

07 қазан, 12:1648
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Бүгін Парламентте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Бақытты отбасы» «2-10-25» деген жеңілдікпен кредит беру бағдарламасына және әкімдіктердің кредиттік тұрғын үйіне кімдердің қатыса алатынын түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Оған отбасының бір мүшесіне шаққанда 1 ең аз айлық жалақыға дейінгі (1 ең аз айлық жалақы - 42,5 мың теңге) мөлшерінен жоғары табысы бар көпбалалы отбасылар, толық емес және мүгедек балалары бар отбасылар қатыса алады. «Бақытты отбасы» (2-10-25) жеңілдікпен кредит беру бағдарламасына қатысушылардың санын 10 мыңға дейін арттыру жоспарланған», – дейді министр.

Ведомство басшысы сөзін ары қарай «5-20-25» бағдарламасы бойынша әкімдіктердің кредиттік тұрғын үйіне қандай отбасылар қатыса алатыны туралы мәселемен жалғады.

«Бұл «5-20-25» бағдарламасы бойынша әкімдіктердің кредиттік тұрғын үйіне кедейлік шегінің мөлшерінен жоғары табысы және отбасының бір мүшесіне шаққанда 2 ең аз айлық жалақыдан жоғары (85 мың теңге) табысы бар кезекте тұрған адамдар үміттене алады. Отбасының бір мүшесіне шаққанда 2 ең аз айлық жалақыдан жоғары табысы бар азаматтар «7-20-25» бағдарламасының құралдарын және нарықтық өнімдерді (Баспана-хит, ҚИК-Орда, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Өз үйім» бағдарламалары) пайдалана алады», – деп түсіндіріп берді Бейбіт Атамқұлов.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх