• USD 380.8
  • EUR 434

Қылмыс және оқиғалар

Бақыт Сұлтанов жол-көлік оқиғасынан қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтты

26 наурыз, 16:35170
Автор: Elorda Aqparat

Қала әкімі бүгінгі жол көлік оқиғасынан қайтыс болғандардың отбасына және зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

«Қайтыс болған жандардың туған-туыстарына әкімдік атынан және өз атымнан қайғыра көңіл айтамын. Бүгінгі жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қайтыс болып, 36 адам түрлі жарақат алған. Қазір олар медициналық көмек алуда», - деді Бақыт Сұлтанов әкімдікте өткен жиналыста.

Осы орайда әкім бүгінгі жол көлік оқиғасынан қайтыс болғандардың отбасына, зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуді және жол-көлік оқиғасының себебін анықтауды тапсырды.

Айта кетейік, бүгін таңертеңгі сағат 09:14 шамасында қаладағы Ұлы дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында бірнеше қоғамдық көлік бір-біріне соқтығысып ірі жол апаты орын алды.

Оқыс оқиға салдарынан екі адам сол жерде қаза тапты. 

Қаза болғандардың кімдер екендігі белгілі болды.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх