Өңірлер жаңалығы

Б.Сапарбаев: Жастарға арналған тұрғын үй әр облыста салынуы тиіс

08 қараша, 19:4337
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы: Валерий Бугаев Фото авторы: Валерий Бугаев

Қазақстанның вице-премьері Бердібек Сапарбаев павлодарлық жастармен кездесу кезінде тұрғын үй мәселесін шешу туралы ойларымен бөлісті, деп хабарлайды Елорда Инфо Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Вице-премьер жастармен кездесуді ұнататынын, олардың оң энергиясыныан қуат алатынын айтты. Ол қазіргі заманда жас адам бірінші кезекте бәсекеге қабілетті болуы керектігін, ол үшін біліммен қарулануы қажеттігін еске салды.

«Сіздердің бірінші міндеттеріңіз – білім алып, өздеріңіздің мүмкіндіктеріңізді қалт жібермеу. Үкіметтің міндеті – жастарға жағдай жасау. Үкімет органдары өз жұмысын атқарып келеді. Келесі жылы біз Жастар жылында қолға алынған жобаларды жалғастыратын боламыз. Сонымен бірге жаңа жобалармен де жұмыс істейміз. Егер сіздердің идеяларыңыз болса, оларды қарастыруға әзірміз», – деді Бердібек Сапарбаев.

Премьер-министрдің орынбасары Павлодар облысында жүзеге асырылған «Жас шебер» жобасын мысал ретінде келтірді. Әр ауылдық округте өз жобасын іске асыруға дайын 15 жас азамат іріктеліп алынды. Өз ісін ашқысы келетін әрбір адамға барынша қолдау көрсетілді. Осы жұмыстың арқасында биыл Павлодар облысында алты жүзге жуық жас өз кәсібін ашқан.

Өздерінің табыстарынан бөлек павлодарлық жастар вице-премьерге түйткілді мәселелер туралы да айтты. Ақсу ферроқорытпалар зауытында жұмыс істейтін Александр Шутов жастар үшін жалға беретін тұрғын үйлерді Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында ғана емес, Қазақстанның басқа да өңірлерінде салуды өтінді. Оның айтуынша, Павлодар облысында 65 мың еңбекші жас бар, олардың көбінің өздігімен пәтер сатып алатын жағдайы жоқ.

«Тұрғын үй – жастар үшін басты мәселе. Қазір біз жастардың пәтер сатып алуына жағдай жасау үшін жұмыс істеп жатырмыз. Жұмыс істейтін жастарға арналған тұрғын үйлер барлық облыс орталықтарында салынуы керек. Болашақта үкімет тиісті шешім қабылдайды деп ойлаймын», – деді  Бердібек Сапарбаев.




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх