• USD 385
  • EUR 434

Билiк және саясат

Б.Оспанов: Дұрыс саясат қалыптастырсақ құс етінің импортынан бас тарта аламыз

24 мамыр, 12:35132
фото  интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Бүгінгі таңда елімізде ет импортының құрылымында құс етінің үлесі ең жоғары. Оның себебі, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі үшінші елдерден құс етін әкелу бойынша квотаның болуы. Бұл туралы бүгін парламенттің тыңдауда айтылды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Мәжілістегі «Ет және сүт өнімдерін өндіруді, қайта өңдеуді және экспорттауды дамытудың келешегі» атты парламенттің тыңдауда Мәжілістің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы Берік Оспанов салада қалыптасып отырған жағдайды мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстан мемлекетттік саясатты дұрыс қалыптастрыған кезде ғана Ресей сияқты құс етінің импортынан толық бас тарта алады.

«Бір жағынан, біз отандық өндірушілерді қолдаймыз. Инвестжобаларды қаржыландырамыз, құс фабрикаларын саламыз, жәрдемақша түрінде көп қолдау көрсетеміз. Ал екініш жағынан, бір мезгілде тарифтік квоталарды ұлғайтып, нарықтың өнімдерег толуына жағдай жасап, отандық өндірушілердің толық жобалық қуаттылыққа шығуына мүмкіндік бермейміз. Сонда мұнда қандай қисындылық бар?» деді Берік Оспанов.

 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх