• USD 377.9
  • EUR 429

Тұрғын үй алаптары

«Азбука жилья» үйінің құрылысын аяқтау мерзімі белгілі болды

02 ақпан, 22:16267
Автор: Elorda Aqparat
Сурет astana.gov.kz сайтынан алынды Сурет astana.gov.kz сайтынан алынды

«Комфорт De Luxe» көпфункционалды тұрғын үй кешені» құрылысы аяқталмаған нысанының мердігерлік жұмыстарын мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурс жарияланды, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдіктің сайтына сілтеме жасап. 

1 ақпанда «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС, «Комфорт – Успех» ЖСК және «ОРДА Инжиниринг» ЖШС арасында «Комфорт de Luxe» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтау бойынша бірлескен қызмет туралы келісім жасалды.

«​Құрылыс нысанын аяқтау мерзімі мердігерлік шарт жасалған күннен бастап сегіз ай», делінген «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС ресми сайтының хабарламасында.

Сол күні хабарламада көрсетілгендей, Қалқаман және Наркескен 1 «А» көшелері қиылысының Шұбар тұрғын алабындағы «Комфорт De Luxe» көпфункционалды тұрғын үй кешені» құрылысы аяқталмаған нысанының мердігерлік жұмыстарын мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурс жарияланды.

Конкурстық өтінімдерді ашу 2019 жылғы 25 ақпанда өтеді.


Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх