Билiк және саясат

Айдын Айтжанов ҚР АШМ-ның Әдеп жөніндегі уәкілі болып тағайындалды

08 қараша, 17:3536
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: ҚР АШМ ресми сайты Дереккөз: ҚР АШМ ресми сайты

Айдын Айтжанов ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды Елорда Инфо министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Бұған дейін ол ҚР ДСМ тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің мемлекеттік қызметтер көрсету және цифрландыру басқармасының бас сарапшысы лауазымында жұмыс істеді. 

Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші. 

Әдеп жөніндегі уәкілдің дербес лауазымы аумақтық бөлімшелері немесе ведомстволарының аумақтық бөлімшелері, шет елдегі мекемелері бар орталық мемлекеттік органдарда (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда), сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Нұр-Сұлтан әкімдерінің аппараттарында енгізілген.




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх