• USD 382
  • EUR 427

Қылмыс және оқиғалар

Автобустар апаты: қаза болғандар туралы белгілі болды

26 наурыз, 16:20112
Автор: Elorda Aqparat
ашық интернет көзінен алынды ашық интернет көзінен алынды

Қалалық әкімдік аппаратында, бүгін орын алған жантүршігерлік жол апатына қатысты шұғыл баспасөз мәслихаты өткізілді, деп хабарлайды Елорда Инфо. 

«Анықталғандай 301 маршруттың жүргізушісі 53 жасар Абай Оспанов алдында келе жатырған 18 автобусқа соққан. 301-ші маршруттың жүргізушісі мен бір жолаушы сол жерде қаза тапты. Жүргізуші таңғы  сағат 6:30-да жұмысқа кірісер алдындағы тексерістен өтті. Тексеріс нәтижесінде оның денсаулығына қатысты ешқандай шағым болмаған. Жүргізуші өте сабырлы, өз жұмысын білетін маман ретінді танылды. Қазіргі уақытта бұл іспен айналысатын арнайы комиссия құрылды», - деді Астана LRT компаниясының басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов қалалық әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, апаттан көз жұмған автобус жүргізушінің артында 4 баласы қалды.Ең үлкені 17-де.

«Екінші қайтыс болған жолаушы 26 жасар Айзат Нұрекенова Қарағанды облысының тумасы. Жалғыз басты әйелдің кәмелет жасына жетпеген баласы бар. Әйелдің денесін туған жеріне жеткізу шарасын ұйымдастыратын боламыз», - Астана LRT басшысы.

Сөз соңында Б.Игенбердинов медициналық сараптамадан кейін автобус шығынын өтеу мақсатында сақтандыру компаниясына жүгінедіктерін мәлім етіп, сондай-ақ мерт болған азаматтардың отбасыларына барынша көмек-қолдау көрсетілетінін айтып өтті.

«Жол апатынан зардап шеккен барлық саны 36 адам медициналық көмекке жүгінді. Жедел жәрдем бригадасының көмегімен 26 адам қалалық стационарға жеткізілді, оның 23-і қалалық көпсалалы ауруханаға, 2 адам №1 ауруханаға жеткізілсе және бір зардап шегуші орталық теміржол ауруханасына түсті. Сондай-ақ, жеңіл жарақат алған 8 адам өздігінен келіп тексерілді. Зардап шегушілердің барлығы үлкен адамдар, балалар жоқ. Қазіргі уақытта 1 зардап шегушінің жағдайы өте ауыр, сол сияқты 6 адамның жағдайы ауыр және 8 адамның денсаулық жағдайына орташа ауыр деп айтуға болады»,- деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров.

Одан бөлек, К.Надыров жол-көлік оқиғасынан автобустардан бөлек жедел жәрдем бригадасы да зардап шеккенін жеткізді. 

«Сонымен қатар, жол-көлік апатына жедел жәрдем бригадасының машинасыда ұшырады. Оның ішінде жүргізішіден бөлек, екі фельдшер болды. Жүргізуші аман, фельдшердің біреуі жабық бас сүйек-ми зақымын алғаны анықталды, екіншісі тізесінен жарақат алған. Қазіргі уақытта екеуі тиісті тексерістен өтіп, амбулаториялық ем алуға жіберілді. Жалпы оқыс оқиға орнына барлығы 15 жедел жәрдем бригадасы тартылды, оның ең алғашқысы оқиға орнына 4 минуттың ішінде жетті», - дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Айта кетейік, бүгін таңертеңгі сағат 09:14 шамасында қаладағы Ұлы дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында бірнеше қоғамдық көлік бір-біріне соқтығысып ірі жол апаты орын алды.

Оқыс оқиға салдарынан екі адам сол жерде қайтыс болды.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх