• USD 385
  • EUR 434

Билiк және саясат

Астанамызды дамыту жолындағы игілікті істер жалғаса береді - Көлгінов

17 шiлде, 11:4779
Фото авторы Александр Куприенко Фото авторы Александр Куприенко

Елордада қала әкімі Алтай Көлгіновтің қатысуымен қала активінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Біздің жұмысымызда Елбасы бастаған стратегиялық саясатты одан әрі жалғастырып, Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын көтеру бойынша алға қойған міндеттерін орындауға басымдық беріліп отыр. Бұл ретте, Қазақстан Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру – жұмысымыздың басты бағыттарының бірі. Жақында 21 жылдығын атап өткен елордамыз әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысында жақсы көрсеткіштерімен жетті. Алдағы уақытта да ауқымды жоспар құрылып, астанамыздың дамуы жолындағы игілікті істер жалғаса береді», - деді А.Көлгінов.

Отырыста елорданың даму индустриясы, қалада шағын және орта бизнесті ілгерілету, сонымен қатар тұрғын үй және экологиялық тазалық мәселелері көтерілді.

«15 шілде күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп, әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды бағыттары бойынша нақты тапсырмалар берілді. Президент өз сөзінде әлемдік экономикадағы үрдістерге тоқталып, экономикалық өсімді одан әрі қамтамасыз ету қажеттігін айтты. Сондай-ақ, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға нақты тапсырмалар жүктеп, еліміздің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алғышарттарын айқындап берді», - деді ол.

Фото авторы Александр КуприенкоФото авторы Александр Куприенко



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх