• USD 383.4
  • EUR 432

Қоғам

Астаналықтарды әкімдердің есеп беру кездесулеріне шақырады

11 қаңтар, 09:25180
Автор: Elorda Aqparat

Қалалықтар атқарушы органдардың істеген жұмысымен танысып, қаланы дамыту мен қалалық қызметтердің жұмысын жақсартуға қатысты өздерінің ұсыныстарын білдіре алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.

​21-31 қаңтар аралығында қаланың ашық алаңдарында халыққа және елорда аудандарының еңбек ұжымдарына есеп беру кездесулері ұйымдастырылатын болады. Тұрғындар шараға өз ниетімен қатысып, қаланы дамытудың барлық бағыттары бойынша өз ұсыныстары мен кеңестерін білдіре алады.

Халық алдында есепті Алматы, Байқоңыр, Есіл және Сарыарқа аудандарының әкімдері береді.

Сонымен қатар, 11-15 ақпан аралығында қала активі елорда әкімінің орынбасарлары: Сергей Хорошунның, Ермек Аманшаевтың, Қосман Айтмұхаметовтың, Асқар Әмрин мен Малика Бектұрованың есебін тыңдайды.

Азаматтарды қабылдау кестесі төменде келтірілген.

Астана қаласының әкімдігі елорда өміріне бей-жай қарамайтын барлық тұрғындарды кездесулерге қатысып, қала дамуына өз үлесін қосуға шақырады.

Азаматтарды қабылдау кестесімен толығырақ мына жерден танысуға болады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх