Қоғам

Астаналықтар Қарағанды облысының тарихи орындарына саяхат жасайды

10 қазан, 19:2357
Автор: Elorda Aqparat
Фото Elorda Aqparat мұрағатынан Фото Elorda Aqparat мұрағатынан

Ертең астаналық жастар мен зиялы қауым өкілдері Қарағанды облысының тарихи орындарына саяхат жасайды, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚХА Нұр-Сұлтан хатшылығына сілтеме жасап. 

"Жастар жылы" мен «Рухани жаңғыру» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы, елордалық этномәдени орталық мүшелері мен ҚХА жастары Қарағанды облысының тарихи-өлкетану орындарына экскурсия жасайды.

Сапар Қарағанды қаласының Достық үйі, Карлаг еңбекпен түзеу лагері және Теміртау қаласында орналасқан Тұңғыш Президент музейі бағыты бойынша өткізіледі.

Естеріңізге салсақ, алғашқы экскурсия 1 апта бұрын Ақмола облысының тарихи жерлерін аралаудан басталған болатын.

Айта кетсек, экскурсияға қатысушылар сапарға таңғы сағат 07:30-да Достық үйі алаңы (Б.Момышұлы даңғылы 24\9) алдынан аттанады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх