• USD 385
  • EUR 434

Тұрғын үй алаптары

Астаналық үлескерлер: Паркинг орындары пәтер сияқты сатылды 

01 тамыз, 09:33139
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Қала басшысы Алтай Көлгінов таңертеңгілік аралау кезінде проблемалы нысанның бірі «Қорғалжын кварталына» болды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Бұл үйдің құрылысына 292 үлескер қаражат салған. Мұндағы пәтер саны тұрғын үй кешені жобасынан артық.

Бұрынғы құрылыс салушы тұрғын үйдің жоғарғы техникалық қабаттары мен жертөлелерін пәтер ретінде сатып жіберген.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

«Бұл аумақта ешқандай құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жоқ. Бізде ең төменгі қабатта паркинг бар. Бірақ бұл орындарды пәтер ретінде сатып жіберген. Ол жерден 13 адам пәтер сатып алған. Абаттандыру жұмыстары жоқ, инженерлік желілер де жоқ. Қазандық жабық тұр. Біз тіпті оның жұмыс істейтін, не істемейтінін де білмейміз», - деді тұрғын үйдің үлескерлері.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Үлескерлердің айтуынша, олар өздері күзет жалдап, қарауыл қойған. Себебі, үйдің құрылыс материалдарының қолды болып кетуінен қауіптенеді. Осылайша бұл тұрғын үй кешені 2017 жылы проблемалы нысан болып танылып, салынған қаржы қайтарымын қамтамасыз ету үшін қосымша жер учаскесін бөлу қарастырылған.

«Үлескерлерге үйлерінің құрылысының аяқталып, өз пәтерлеріне кіруі үшін мемлекет көмектесіп жатыр. Жобалық-сметалық құжаттамаға түзету енгіземіз, мемлекеттік сараптама жасаймыз. Оған қоса инженерлік желілері бойынша жобаны алу керек. Содан кейін барып абаттандыру жұмыстарына кіріскен жөн. Жұмыс жүргізілетін болады», - деп атап көрсетті қала әкімі Алтай Көлгінов.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Айта кетейік, қалада құрылысы аяқталмаған 51 нысан бар.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх